қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.09.2024

Алматы музейлеріне танымдық саяхат

 

2024 жылғы 18 қыркүйектен бастап Абай университетінде Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті «Хәкім Абай» атындағы Ұлттық тәрбие орталығының  ұйымдастыруымен «Алматы музейлеріне саяхат» танымдық жобасы өз жұмысын бастады. 

 

Танымдық саяхаттың басты мақсаты - білім алушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, бай мәдениетінімізді дәріптеу. Жоба рухани иммунитетті қалыптастыруға және мәдени астанамыз саналатын Алматы қаласының тарихымен таныстыруға бағытталған. Студенттер ақын-жазушылардың өмірімен танысып, мәдениетіміз туралы білімдерін тереңдете түседі.

 

Жоба барысында студенттер Алматы қаласындағы 8 әдеби-танымдық, тарихи музейлерге барады. Қазірдің өзінде Абай университетінің 7 факультеті мен 1 институтынан 1000 жуық студент Алматы мұражайларына саяхат жасап қайтты.

 

«Алматы музейлеріне саяхат» жобасы 30 қазанға дейін жалғасын табады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=