қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.09.2024

«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» танымдық іс-шарасы


2024 жылдың 24 қыркүйегінде Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т.Дүйсенованың 2024 жылы Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Абай университетінде «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.


Филология факультеті қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне орай өткізілген іс-шарада доцент Бауыржан Сейдахмет дәріс оқыды. Сондай-ақ, «6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-ші курс студенттері дайындаған «Ойшылдармен кеңес» журналы таныстырылды.

 

Іс-шараға Алматы қаласы Білім басқармасының №81 мектеп-гимназиясы, Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясының мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Шараның тағылымдық, танымдық мәні зор болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=