қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.09.2024

Абай университетінің ректоры 1 курс докторанттарымен кездесті

 

2024 жылдың 23 қыркүйегінде Абай университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп 2024-2025 оқу жылында қабылданған 1 курс докторанттарымен кездесті. Кездесуге университеттің зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан, академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова қатысты.

 
Кездесуде ректор Болат Тілеп мемлекет тарапынан ғылыми зерттеулерді жандандыруға, жас ғалымдарды қолдауға көп көңіл бөлініп отырғанын, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінен университетке 193 грант бөлінгенін, оның 166-сы игерілгенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ректор Абай университетінің даму стратегиясына сәйкес педагогикалық зерттеу университеті мәртебесіне көшудің алғышарттарымен таныстырды.


Кездесу барысында университеттің зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан қорғауға байланысты соңғы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, баяндама жасады. Академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова мектеппен байланыс, білім алушылардың, оның ішінде докторанттардың зерттеу тақырыптары орта білім берумен байланыстыруға және педагогикалық, ғылыми-зерттеу тәжірибелерінен өтудің негізгі шарттарымен таныстырды.

 

Еркін форматта өткен кездесуде тақырып таңдау, ғылыми тағылымдама, шетелдік ғылыми кеңесші бекіту, сондай-ақ докторанттардың уақтылы қорғауға шығуы және жарияланымдарына қатысты қойылған сұрақтарға Ғылым департаменті директорының орынбасары Алмас Найманбаев пен ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасының бастығы Гүлзада Байымбетова нақты әрі толыққанды жауап берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=