қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.09.2024

«Тіл – ел қазынасы» тақырыбындағы іс-шара


2024 жылдың 23 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы Б.У.Есентаева «6B01302 - Бастауыш білім бизнес инновациямен» білім беру бағдарламасының 1-ші курс студенттерімен «Тіл - ел қазынасы» атты тәрбиелік іс-шара өткізді.

 

ҚР әнұранымен басталған іс-шараның негізгі мақсаты - көпұлтты мемлекеттің тұтастығын, ынтымағын қалыптастыру, қазақ мәдениеті мен дәстүрін дәріптеу болып табылады. Студенттер іс-шараға белсенді қатысып, қазақ, орыс, ағылшын, ұйғыр тілдерінде патриоттық сезімді оятатын өлең жолдарын тарту етті.  Мерекелік іс-шара соңында Тіл мерекесінің тарихы туралы сұрақтарға дұрыс жауап берген білім алушыларға тәтті тоқаштар таратылды.

 

  alt=  

 

  alt=