қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.09.2024

Абай университеті Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филормониясымен ынтымақтастық орнатты


2024 жылдың 23 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Іс-шараны Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті ұйымдастырды.

 

Іс-шара барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов пен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы директорының орынбасары Искайыр Абаханов университет студенттерінің мәдени және әлеуметтік шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған Меморандумға қол қойды.

 

Серіктестіктің басты мақсаты - мәдениет саласындағы тиімді ынтымақтастық арқылы ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған жобаларды бірлесіп жүзеге асыру. Шығармашылықты насихаттау арқылы қазақ мәдениетінің дамуын ынталандыру және университет студенттерінің өнерге деген қызығушылықтарын ашу маңызды басымдықтар болып табылады. Бірлескен бұқаралық мәдени бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

 

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясымен ынтымақтастық Абай университеті студенттерінің ұлттық және әлемдік мәдениетке, өнерге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтармен байланысын нығайтады деген сенімдеміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=