қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.09.2024

«Химия және жаратылыстану ғылымдарын оқытудағы зерттеулердің дизайны мен әдістері: эпистемология, этика және практикалық тәсілдер» ашық дәрісі

 

2024 жылдың 20 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультетінің химия кафедрасында «Химия және жаратылыстану ғылымдарын оқытудағы зерттеулердің дизайны мен әдістері: эпистемология, этика және практикалық тәсілдер» тақырыбында ашық дәріс өтті. Шараның арнайы қонағы -   «Тұрақты даму үшін зерттеу және білім беру бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, Окаяма университетінің ТДМ ілгерілету орталығының директоры және Окаяма университетінің профессоры Хироки Фуджи (Окаяма, Жапония) университетіміздің білім алушыларына химияны оқыту әдістемесі бойынша көпжылдық тәжірибесімен бөлісті.

 

Ашық дәрісте химияны оқытуда тұрақты даму мақсаттарын интеграциялау, климат өзгерісі бойынша білім беру тақырыптары талқыланды. Хироки Фуджи тұрақты даму мүддесі үшін білім берудегі әдістермен және әдебиеттермен бөлісті. Қатысушылар химияны оқыту бойынша әлемдік деңгейдегі әдістемемен танысып, нұсқаулық алды. Соның бірі ретінде Жапония еліндегі білім беру ұйымдарындағы оқыту тәжірибесін химия сабағы мысалында көрсетті.

 

Ашық дәріс соңында профессор мен білім алушылар пікір алмасты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=