
  
Негізгі бет /
Хабарландыру
30.03.2021 «Болашақ педагогтарды кәсіби даярлау ерекшеліктері» халықаралық онлайн-вебинары 
 2021 жылдың 2 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ғылым айы мен жүзеге асырылып жатқан «Нақты деректер негізінде оқытушыларды дайындау және ұйымдастырушылық мәдениет» халықаралық жоба аясында Сакраментодағы Калифорния Университетінің (АҚШ) қатысуымен «Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау ерекшеліктері» тақырыбында халықаралық онлайн-вебинар өтеді. 
 Вебинарды ұйымдастырушылар - университет бойынша педагогикалық циклдағы пәндер бөлімі,шығыс филологиясы мен аударма кафедрасы, постдокторанттар. 
 Модератор - Абай атындағы ҚазҰПУ постдокторанты Баян Сапарғалиева; Басты спикер - Сакраментодағы (АҚШ) Калифорния Университеті Білім колледжінің деканы, жоба үйлестірушісі профессор Александр Сидоркин; Екінші спикер - университет бойынша педагогикалық циклдағы пәндер бөлімінің профессоры Айман Берикханова. 
 Вебинарға ЖОО оқытушылары, зерттеуші-ғалымдар, мектеп мектеп мұғалімдері, магистранттар, докторанттар, постдокторанттар, және барлық қызығушылық танытқан тыңдаушылар шақырылады. 
 Уақыты: 2021 жылғы 2 сәуір, сағат 09:30 Алматы уақытымен 
 Zoom арқылы конференцияға қосылу https://zoom.us/j/96805246408?pwd=bVhubGFLY1pIYmFlcDBKbkNROGdtdz09 
 Конференция идентификаторы: 968 0524 6408 
 Кіру коды: 673638 
 
  |