
 
|  Негізгі бет 
Жаңалықтар 
17.09.2024 Ғылыми кітапханадағы ақпараттық-библиографиялық сабақтар апталығы 
 2024 жылдың 9-13 қыркүйек аралығында Ғылыми кітапханада ақпараттық-библиографиялық сабақтар апталығы өтті. Мақсаты - 1 курс студенттерін кітапхананың ақпараттық ресурстарын тиімді пайдалануға үйрету. Іс-шараға университеттің барлық факультеттері мен институтының 154 тобынан 3800-ден астам 1-ші курс студенттері қатысты. 
 
 Ақпараттық-библиографиялық сабақтар апталығы жоғары деңгейде өтіп, кітапхана қызметкерлеріне де, студенттерге де жақсы әсер қалдырды. 
 
 
 |