қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.09.2024

«Scientific Writing: Logic, Precision and style» тақырыбындағы шеберлік сабақ


2024 жылдың 13 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті биология кафедрасына Германияның Ахен университетінен профессор Илья Дигель іссапармен келді. И.Э.Дигель өзінің жұмыс сапары барысында биология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына «Scientific Writing: Logic, Precision and style» тақырыбында шеберлік сабақ өткізіп, ғылыми мақалалар жазудың қыр-сырымен таныстырды.

 
Илья Эдгарович Дигель 100-ден астам ғылыми мақалалардың, монографиялар мен кітаптардың авторы. 2007 жылдан Annals of Biomedical Engineering және Open Journal of Bioinformatics редакциялық алқасының мүшесі болып табылады. 
 
Шеберлік сабақ өте қызықты, жоғары деңгейде өтті.  Қатысушылар болашақ биологтардың шығармашылығын дамытуды жүзеге асырудағы өзекті мәселелерін талқылап, өзара пікір алмасты.

 

  alt=  

 

  alt=