қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.09.2024

«Құмар ойын - қоғам дерті!» тақырыбындағы профилактикалық кездесу


2024 жылдың 13 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Құмар ойын - қоғам дерті!» тақырыбында студенттермен профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге Математика, физика және информатика факультетінің 1-4 курс студенттерінен 200-ден аса студенттер қатысты.

 

Кездесудің негізгі мақсаты - студенттердің құқық бұзушылықтар мен бұзақылықтың, интернет-алаяқтықтың, нашақорлықтың және есірткінің таралуының, сондай-ақ оларды құмар ойындарға, деструктивті ағымдарға тартудың алдын алу. Кездесу барысында студенттерді қауіпті дерттен оңалтатын орталықтармен, құқықтық көмекпен және психологиялық қолдау қызметімен таныстырылды. Кездесуді спикер «Возрождение Life» орталығының директоры, психолог Ұлболсын Зинаханова жүргізді.

 

Аталған іс-шарада студенттер құмар ойындарға, оның алдын-алу жолдарына байланысты сұрақтарын мамандарға қойып, тұшымды жауаптарын алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Психологиялық қолдау қызметі