қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.09.2024

«Буллинг жарға жығар» тақырыбында психологиялық дәріс өтті


2024 жылдың 13 қыркүйегінде Абай университетінің Психологиялық қолдау қызметі студенттер арасында «Буллинг жарға жығар» тақырыбында психологиялық дәріс ұйымдастырды.

 

Дәрістің негізгі мақсаты - студенттердің табысты әлеуметтенуі мен дамуы, физикалық, психикалық, әлеуметтік денсаулығын сақтау және әлімжеттік пен бұзақылықтың алдын-алу.

 

Спикер «Resourse academy» ғылыми-тәжірибелік психология орталығының негізін қалаушы, халықаралық психолог Бақытгүл Манасова білім алушыларға буллинг және кибербуллинг, буллингтің белгілері және оның адам өмірінде орын алатын салдары мен көрсетілетін көмектер туралы түсінік берді.

 

Дәріс барысында студенттерге буллинг ұғымының мәні және буллингті жүзеге асырудың құқықтық салдары түсіндірілді. Білім ордасына буллингке қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар берілді.

 

Аталмыш дәріске университетіміздің 8 факультеті мен 1 институтынан 130-ға жуық студенттер қатысып, ойларында жүрген өзекті сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=