қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.09.2024

Абай атындағы ҚазҰПУ мен МҚПУ (Ресей) магистранттарының онлайн-кездесуі

 

2024 жылдың 12 қыркүйегінде бастауыш білім беру кафедрасы «7М01303 - көпмәдениетті қоғамдағы Бастауыш білім» білім беру бағдарламасы бойынша екіжақты келісімді іске асыру шеңберінде Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің (МҚПУ) бөлім басшыларымен, профессорларымен және магистранттарымен алғашқы халықаралық онлайн - кездесу өткізді.

 

Онлайн-кездесу барысында МГПУ тарапынан: Педагогика және білім беру психологиясы институтының директоры Ресей білім академиясының корреспондент-мүшесі, профессор А.И.Савенков, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі Д.А.Миляева, Білім беру саясаты бойынша директордың орынбасары, профессор А.С.Львова, Оқыту әдістемесі департаментінің доценті Т.И. Зиновьева баяндамаларында жасалған екіжақты келісімнің өте пайдалы екендігі айтылды. Сондай-ақ, бөлім басшылары өздерінің университеттері мен білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері туралы сөз қозғалды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі Жұмабаева А.Е., п.ғ.д., профессоры А.Х. Аренова және Л.А. Лебедева білім беру бағдарламасының ерекшеліктері мен іске асыру жоспарлары туралы айтып, барлығына табыс тіледі.

 

Кездесу соңында магистранттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бағдарлама туралы пікір алмасты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=