қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.09.2024

Гонконг білім университетімен (EdUHK) ынтымақтастық


2024 жылдың 11-12 қыркүйегі аралығында Гонконг білім университетінің (EdUHK) қолдауымен Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Жасанды интеллект және инклюзивті білім беру» орталығын ашуға арналған маңызды кездесу өтті.

 

Кездесу барысында Гонконг білім университетінің интернационализация жөніндегі вице-президенті, профессор Ло Синг Кай «Kazakh Centers of Education» атты жаңа жобаның құрылымын таныстырып, әлеуетті нығайту бағдарламасы, халықаралық конференциялар ұйымдастыру және жазғы/қыстық мектептерді өткізу туралы толық мәлімет берді.

 

Кездесу барысында ғалымдар мен зерттеушілер арасындағы зерттеу коллаборацияларының мүмкіндіктері және жасанды интеллект пен инклюзивті білім беру орталығының жұмысы сияқты негізгі тақырыптар талқыланды.

 

Сонымен қатар, Гонконг білім университеті QS World University Rankings by Subject рейтингінде пәндер бойынша әлемдегі үздік 20-орында тұрғаны ерекше атап өтілді, бұл серіктестіктің академиялық және ғылыми әлеуетінің жоғары деңгейін көрсетеді.

 

Бұл кездесу академиялық және ғылыми ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=