қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.08.2024

Абай университетінде жоғары оқу орындары оқытушыларының «Қаржылық сауаттылық» курсы өтті


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын атап өтіп, «AMANAT» партиясына Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Осыған орай, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру бойынша 2024-2025 оқу жылының 1-ші қыркүйегінен бастап «Қаржылық сауаттылық» курсын жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына енгізуді қарастырды.


Осы мақсатта 2024 жылдың 26-28 тамызы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ базасында Алматы қаласы мен Жетісу облысының 36 жоғары оқу орындарының 50 оқытушысы үшін үш күндік «Қаржылық сауаттылық» курсы ұйымдастырылды.


Аталған курсты Абай университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бану Нарбекова құттықтау сөзімен ашып, қазіргі уақытта қаржылық сауаттылықтың жеткіліксіздігінен қоғамда, әсіресе, студент жастар арасында түсініспеушіліктер болып отырғандығын атап өтіп, аталған жобаның бүгінгі таңда өзекті екендігіне тоқталды.


«Қаржылық сауаттылық» курсында Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессоры, PhD Каримова М.Д., Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті Керімбек Ғ.Е., Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Сыздыкбаева Н.Б. дәріс оқып, практикалық сабақтар жүргізді.


Курс аясында спикерлер қаржылық сауаттылық туралы түсінік беріп, оның мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, ақша, есеп айырысу және төлемдер, жеке қаржы, кірістер, шығыстар, бюджет, салықтар мен жеке тұлғаларға салық салу, халыққа арналған банктік қызмет көрсетулер, сақтандыру, қаржы нарығы және инвестициялау негіздері, жеке кәсіпкерлік және стартап, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке қаржылық қауіпсіздік және басқа да тақырыптар бойынша тәжірибеге негізделген дәрістер жүргізді.


Курс аяқталған соң «AMANAT» партиясының Алматы қаласы бойынша Медеу аудандық филиалының төрағасы Ажиманов А.А. барлық тыңдаушыларға сертификат табыстады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=