қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.08.2024

ХІІІ Халықаралық саясаттанушылар жазғы мектебі

 

2024 жылдың 14 тамызында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Орталық Азия елдеріндегі исламдық білім және ислам мәдениеті: тарихи және заманауи контексттер» тақырыбында саясаттанушылардың дәстүрлі халықаралық жазғы мектебі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты - еліміздегі білім беру саласын дамытуға, саясаттану және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының біліктілік деңгейін арттыруға, отандық саяси ғылымның сараптамалық маңызын күшейтуге өзіндік үлес қосу.

 

Биыл 13-ші рет ұйымдастырылып отырған жазғы мектепке Нархоз, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, КИМЭП, Алматы энергетика және байланыс университеті сынды жоғары оқу орындарының оқытушылары, ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, азаматтық қоғам өкілдері, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы PhD докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бану Нарбекова өз сөзінде жазғы мектеп тақырыбының қазіргі қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, кездесудің басты бағыты жастарға дұрыс жол көрсету екенін атап өтті.

 

Жазғы мектеп аясында тыңдаушылар «Тахлил» қоғамдық бірлестігінің зерттеу директоры Азизи Рустам (Тәжікстан), Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті шығыс елдерінің саясаты және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры Шухрат Ёвкочев (Өзбекстан), «Элбилге» қоғамдық бірлестігінің басшысы, тарихшы Назикбек Кыдырмышев (Қырғызстан) сынды халықаралық деңгейдегі профессорлардың дәрістерін тыңдай алды.

 

Айта кетейік, биылғы жылы жазғы мектеп BR21882428 «Постқалыпты кезеңдегі исламның рухани, мәдени, саяси, әлеуметтік құбылыс ретіндегі әсері мен болашағы: Таяу Шығыс және Орталық Азия елдерінің тәжірибесі» жобасы аясында өткізіліп отыр.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=