қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.07.2024

Абай университетінің оқытушысы халықаралық форумда баяндама жасады


2024 жылдың 17-20 шілдесі аралығында Алтай мемлекеттік университетінде (Барнаул қ.,) «Үлкен Алтай кеңістігіндегі славян-түркі әлемі: тарих және қазіргі заман» тақырыбында халықаралық форум өтті. Іс-шара Ресейдің Ғылым және жоғары білім министрлігі, Алтай өлкесінің Үкіметі, ТМД-ға қатысты мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры, Ресей тарихи қоғамы және Қырғыз ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткізілді. Форумның сараптамалық-пленарлық отырысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық факультеті ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Н. А. Атығаев баяндама жасады.

 

Жүсіп Баласағұни атындағы Қырғыз ұлттық университетінен, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен, Ресей мен Орталық Азияның түркітілдес елдерінен 30-дан астам ғалымдар қатысқан форумда Түркі өркениетінің қалыптасуы мен дамуы, мәдени-тілдік, әлеуметтік-экономикалық процестердің халықаралық қоғамдастығының зерттеу нәтижелері талқыланды.

 

  alt=