қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.07.2024

Webometrics: Абай университеті әлемдік рейтингте үздіктер қатарында


 

2024 жылдың шілдесінде әлемнің жоғары оқу орындары сайттарының рейтингі - Webometrics Ranking of World Universities нәтижелері жарияланды. Бұл жаһандық рейтинг университет веб-сайтының өзектілігін, оның зерттеуші ғалымдарының Scopus және Google Scholar сияқты ғылыми-метрикалық жүйелердегі жарияланымдарын ескеретін біріктірілген көрсеткішке негізделген.

 

Биыл Webometrics рейтингіне әлемнің түкпір-түкпірінен 31 606 университет, оның ішінде Қазақстаннан 124 жоғары оқу орны қатысты. Webometrics жаңа деректеріне сәйкес Абай университеті әлемдік рейтингте 4690-шы орынды иеленді, қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 6-шы орынды иеленіп, еліміздің топ-6 үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді (2024 жылғы қаңтарда 5-ші орында, 2023 жылғы шілдеде 7-ші орында).

 

Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындары арасында Абай университеті еліміздің білім беру жүйесіндегі көшбасшылық позициясын растай отырып, 1-ші орынға ие болды. Бұл жетістік университеттің интернет кеңістігінде болуының маңыздылығын, сондай-ақ оқытушылар мен ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін көрсететін ғылыми басылымдардың сапасы мен санының маңыздылығын көрсетеді.

 

Webometrics рейтингі ғылыми жарияланымдарды ғана емес, сонымен қатар университет веб-сайттарының мазмұны мен танымалдылығын бағалай отырып, университеттердің интернет кеңістігіндегі үдерісін талдайды. Жоғары оқу орындарын саралау алгоритмі Cybermetrics Lab талдауымен әзірленіп, үш негізгі индикаторға негізделген: Impact, Openness және Excellence.

 

Әлемдік рейтингте Қазақстандағы ең үздік жоғары оқу орындарының бірі - Абай университеті өз мәртебесін нығайтып, халықаралық аренадағы орнын белсенді түрде арттыра отырып, сенімді түрде алға жылжуды жалғастыруда.

 

 

  alt=