қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
19.07.2024

              Лотарингия университетінің Қазақстандағы филиалы: жаңа білім беру мүмкіндіктері

 

                

 

Лотарингия университетінің (Франция) филиалы Абай атындағы ҚазҰПУ базасында 2024 жылдың мамыр айында, екі университет арасындағы 7 жылдан астам жемісті ынтымақтастық нәтижесі негізінде ашылды. Лотарингия университеті Францияның 13 қаласында 49 оқу ғимараттары бар жетекші француз университеттерінің бірі болып табылады. Университетте 60 000 студент білім алады, оның 10 000 студенті шетел азаматтары.

 

Филиал аясында бакалавриат бойынша «6В04211 - Халықаралық құқық» және магистратура бойынша «7M04205 - Халықаралық құқық» қос дипломды білім беру бағдарламалары жұмыс істейді. Филиал платформасында алты білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда, оларға 95 нысаналы грант бөлінді:

 

«B018(KZ-FR)-Шетел тілі мұғалімдерін даярлау» - 25 грант;
«B140(KZ-FR)-Халықаралық қатынастар және дипломатия» - 10 грант;
«B044(KZ-FR)-Менеджмент және басқару» - 10 грант;
«B046(KZ-FR)-Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі» - 20 грант;
«B047(KZ-FR)-Маркетинг және жарнама» - 10 грант;
«B093(KZ-FR)-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» - 20 грант.


Жоғары курстардан бастап бұл бағдарламаларды қос дипломдық бағдарламаларға қайта форматтау жоспарлануда. Француз тілін B2 деңгейінде сәтті меңгерген студенттер қос диплом бағдарламасына тіркелу мүмкіндігіне ие болады.

 

Филиал студенттері алты білім беру бағдарламасы бойынша стипендия алып, халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына арнайы емтихан тапсырмай-ақ қатыса алады. Конкурсқа қатысу ҰБТ сертификаты негізінде жүзеге асырылады. Филиалдың барлық білім беру бағдарламалары үшін бакалавриатқа қабылдау кезінде француз тілін білу талап етілмейді.

 

Қосымша ақпарат алу үшін университеттің қабылдау комиссиясына хабарласуыңызға болады.

 

Мекенжайы: Қазыбек би, 28 (№30 кабинет)

 

WhatsApp: +7 701 779 8870, +7 701 760 0625, +7 707 308 4949


19.07.2024

Ақпарат көзі: janalyq.asia