қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.07.2024

Педагогикалық сыныптардың 2023-2024 оқу жылының түлектеріне сертификаттар табыс етілді

 

2024 жылдың 28 маусымында Педагогика кафедрасы 2023-2024 оқу жылғы педагогикалық сыныптарының түлектеріне салтанатты түрде сертификаттар табыс етті.

 

Шараға Абай атындағы ҚазҰПУ ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан, оқу-әдістемелік жұмыс департаментінің директоры Жанбеков Хайролла, Алматы қаласы Білім басқармасы жанындағы қалалық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының әдіскері Кирбаева Жазира және педагогика кафедрасының оқытушылары қатысты.

 

Педагогикалық сынып түлектеріне сертификаттарды Абай атындағы ҚазҰПУ ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан тапсырып, түлектерді педагогикалық сыныптарды бітірулерімен құттықтап, еліміздің білікті ұстаздарға деген қажеттілігін атап өтті.

 

Оқу ісі департаментінің директоры Х. Жанбеков оқушылардың мұғалім мамандығын таңдауға кәсіби дайындық мәселесін өзектендіріп, түлектердің ата-аналарына алғыс хаттар табыс етті.

 

Білім берудегі жаңа технологиялар орталығының әдіскері Ж.Кирбаева педагогикалық сынып түлектерін құттықтап, мектеп пен университет арасындағы ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

 

Педагогика кафедрасының меңгерушісі Ш. Колумбаева мектеп оқушыларының «Мұғалім» мамандығына кәсіби бағдар беру құралы ретінде педагогикалық сабақтардың маңыздылығын атап өтіп, педагогикалық сыныптарда қызмет етіп жүрген ұстаздарға алғысын білдірді.

 

Педагогикалық сынып түлектері мен олардың ата-аналары университет басшылығы мен ұстаздарына алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=