қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.06.2024

Тәуекелдерді басқару мәдениетін қалыптастыру және дамыту

 

Абай атындағы ҚазҰПУ заманауи жағдайда бәсекеге қабілеттілік пен тұрақтылықты арттыруға, үздіксіз жетілдіруге және тиімді шешім қабылдауға ықпал ететін басқарудың озық әдістерін енгізуді жалғастыруда.

 

Тәуекелдерді басқару және оларды азайту - университет қызметінің маңызды аспектісі. Негізгі процестердегі тәуекел менеджмент және тәуекелдерді басқару мәдениетін арттыру мақсатында Стратегия департаменті ISO 31000-2018 «Тәуекелдерді басқару. Жетекші нұсқаулықтар» халықаралық стандартына сәйкес оқытуды ұйымдастырды.

 

Аталған іс-шараға Басқарма мүшелері, Тәуекелдерді басқару комитеті, факультет басшылары және құрылымдық бөлімшелердің негізгі мамандары қатысты. Курсты тәуекел-менеджмент саласындағы тәжірибелі жаттықтырушы Евгений Литвинов жүргізді, оның терең білімі мен кең тәжірибесі қатысушылардың тақырыпты жан-жақты түсінуіне үлкен ықпал етті.

 

Курс шеңберінде тәуекел бағыты бойынша халықаралық стандарттардың мынадай талаптары қарастырылды: ISO 31000:2018, IEC 31010:2019 мен COSO ERM және COSO IC IF модельдері, корпоративтік басқару мен ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру мәселелері, басқару процесі және процестік тәсіл негізінде тәуекелдерді бағалау әдістері.

 

Қатысушылар тәуекелдердің пайда болу ортасын анықтау процесін, тәуекелдерді сәйкестендіру және олардың тізілімін қалыптастыру әдістерін егжей-тегжейлі талдады, тәуекелдерді бағалау әдістерін, талдау және тәуекелдерге жауап беру әдістерін зерттеді. Тәуекелдер туралы ақпараттандыру, коммуникация, мониторинг, құжаттама және есеп беру процестеріне де көңіл бөлінді.

 

Тәуекелдерді басқарудағы корпоративтік қателіктер және оларды түзету тәсілдері, «психикалық тұзақтарға» қарсы тұру әдістері де талданды. Теориялық білімді бекіту үшін қатысушылар интерактивті форматта тәуекелдерді анықтау және талдау арқылы академиялық және HR процестерін қарастырды. Сапалы талдаудан бөлек, сандық бағалауға да, тәуекел-менеджмент шеңберіндегі жауапкершілік пен өкілеттіктерге, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бойынша автоматтандыру және жазбаларға да баса назар аударылды.

 

Оқудан сәтті өткен тыңдаушыларға сертификаттар табысталды. Аталмыш курс қатысушыларға университеттегі тәуекелдерді басқаруды жаңа деңгейге көтеруге, тәуекелдерді басқарудың корпоративтік мәдениетін жақсартуға, тәуекелдерді басқаруды күнделікті жұмыстың бір бөлігіне айналдыруға және тәуекелдерді ескере отырып басқару шешімдерін қабылдауға көмектесетін өзекті білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Стратегия департаменті