қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.06.2024

Aбай университетінің қызметкерлеріне арналған тимбилдинг

 

2024 жылдың 15 маусымында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясатын дамыту департаменті мен кәсіподақ ұйымының қолдауымен Абай университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері үшін жазғы тимбилдинг ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты корпоративтік мәдениетті, ұжымның бірлігін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау болды.


Тимбилдинг Қонаев қаласындағы «Пикник парк» демалыс орнында өтті. Абай университінің ұжымы төрт командаға бөлініп, әртүрлі ойын түрлерінен жарыс өткізіп, бақтарын сынады. Қатысушылар жоғары мақсаткерлік пен жеңіске деген ерік-жігердің үлгісін көрсетті. Іс-шара қызметкерлерде жарқын эмоциялар қалдырып қана қоймай, ұжымды біріктіріп, командалық рухты нығайтты.

 

Тимбилдинг барысында қатысушылар тек спорттық жарыстарда ғана емес, сонымен қатар ән айту мен би билеуден де бақ сынасты. Іс-шара нәтижесінде командалық ойын белсенділері арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=