қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.06.2024

Қазақстан Республикасының ЖОО сұраныстың тәуелсіз рейтингі - 2024 (IAAR)


Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының «ТОП-20» Бас рейтингінің нәтижелері бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 4-ші орынды иеленді.

 

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы профессор-оқытушылар құрамының «ТОП-50» Бас рейтингіне біздің университеттің төрт оқытушысы кірді: В.Н.Косов - 36; Е.А.Бурибаев - 37 орын; Ж.А.Хамзина - 37 орын; А.К.Жармаганбетова - 49 орын.

 

«Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша ғылым салалары бойынша институционалдық рейтингте университет білім берудің барлық деңгейлері бойынша (бакалавриат, магистратура, докторантура) 1-ші орынды иеленді. Сонымен қатар, ТОП-10 құрамына кадрларды даярлау ғылымының келесі салалары кірді: «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика».

 

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының рейтингінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білім беру бағдарламалары топтары бойынша 64 ББ жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 31 ББ - 1-орын, 20 ББ - 2-орын және 13 ББ - 3-орын. 

 

  alt=

 

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR).