қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
18.06.2024

Мұғалімдер біліктілігін арттырды

 

                

 

Еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны - Абай атындағы ҚҰПУ Түркістан облысының жалпы білім беру мекемелерінің басшылары мен мұғалімдері үшін «Білім алушыларда пәндік, цифрлық құзыреттіліктерді, функционалдық сауаттылықты, икемді дағдыларды қалыптастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді.

 

Педагог кадрларының біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігін арттыруды мақсат еткен курсты тыңдауға.

 

Біліктілікті арттыру курсына қауымдастырылған профессор Нұржамал Ошанова, Амангүл Оракова, Азия Жұмабаева, Сәуле Әбішева, Нағима Ілиясова, Серік Иватов, Қалампыр Жұмағұлова және Шахислам Лайсханов сияқты білім беру саласындағы жетекші сарапшылар, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары мен университет профессорлары қатысып, 8 мектептен келген 150-ден астам мұғалімге заманауи білім үрдісі жайындағы ақпараттармен бөлісті.

 

Панельдік сессияда педагогтер білім берудегі сапа менеджменті (TQM IS), белсенді оқыту әдістері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту, электронды цифрлық ортада орыс тілі мен әдебиеті оқулықтарын пайдалану, «4К моделі» және дискурстық талдау, мұғалімдер мен мектеп оқушыларының ғылыми зерттеу жұмыстары, жаратылыстану пәндері бойынша метапәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру, география мұғалімдеріне геоақпараттық білім беру мәселелері, білім беруде жасанды интеллекті пайдалану барысын меңгеріп, мектептегі ғылыми жобаларға қатысты мәліметтерді талдады. Сонымен бірге лингвистикалық интерпретацияның оқыту әдістемесіндегі орны, ғылымды дамыту бойынша білім, қашықтықтан оқыту материалдарын пайдалану, цифрлық педагогика және педагогтің IT құзыреттілігі сияқты заманауи тақырыптар бойынша да лекциялар оқылды.

 

Университет ұйымдастырған курстарда жыл соңына дейін мыңға жуық педагог біліктілігін арттыратын болады.

 

18.06.2024

Ақпарат көзі: egemen.kz