қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.06.2024

Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің Педагогика институтында ғылыми халықаралық тағылымдама


2024 жылдың 10-15 маусымы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика кафедрасының меңгерушісі Колумбаева Ш.Ж. және п.ғ.к., аға оқытушы Танатова А.Д. Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің Педагогика институтында (СПбМУ) ғылыми тағылымдамадан өтті.


Тағылымдама профессор У.М. Әбдіғапбарованың жетекшілігімен «ЖОО-ның «online community»-де желілік коммуникативтік мәдениетті, оқытушылар мен студенттердің цифрлық этикетін қалыптастыру жүйесін теңшеу» BR21882318 БНҚ жобасын іске асыру шеңберінде, СПбМУ Педагогика институтының директоры, РҒА корреспондент мүшесі Е.И. Казакованың, профессорлар Л.С. Илюшин, Т.Г. Галактионова және доценттер В.Е.Пугач, И.А. Писаренко, А.А. Азбель, Г.В.Данилованың қатысуымен диалогтық оқыту форматында өтті.

 

Тағылымдама барысында Педагогика институтының профессор-оқытушылар құрамының педагог кадрлардың цифрлық құзыреттіліктерін қалыптастыру, цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу және іске асыру, «learning by doing» («оқимын, әрекет етеміз») парадигмасында іске асырылатын цифрлық жобаларды сүйемелдеу бойынша педагогикалық клиниканың тәжірибесі зерделенді. Сондай-ақ, Педагогика институты өткізетін «Өсу шеберханалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына және шеберлік сыныптарына қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=