қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.06.2024

«Құнанбай Өскенбайұлы: тұлға, тарих, феномен» халықаралық конференциясы

 

Семей өңірінде Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығына арналған «Құнанбай Өскенбайұлы: тұлға, тарих, феномен» халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілеп, ғалымдар мен жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысты.

 

Мақсаты - ел ісіне ғаділет көзімен қарап, қатаң тәртіппен жүрген, кесек мінезді Құнанбай Өскенбайұлының қайраткерлік қызметі, Абай шығармашылығына әсері, әке мен бала қатынасы сынды мәселелер тақылап, ғылыми тұжырымдар ұсыну.

 

Іс-шараның ашылуында ректор Болат Тілеп қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының есімін мақтанышпен алып жүрген Абай университетінің бүгінгі жетістіктерін баяндап, Абай мұрасын жастар арасында насихаттаудағы белсенді жұмысына тоқталды. Атап айтқанда, жуырда Семей қаласында университет ғалымдарының жетекшілігімен Абай университеті мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалды музей қорығы арасындағы байланысты нығайту мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жоғары нәтижеге қол жеткізген үздік студенттер мен магистранттарға Абай атындағы арнайы стипендия тағайындалғаны айтылды. Сөз соңында ректор қазақтың Абай, Құнанбай Өскенбайұлы сынды көрнекті тұлғалардың шығармашылығын кеңінен насихаттау еліміздің мәдени мұрасын нығайтып, тарихи маңызын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

 

Конференция аясында ғалымдардың Құнанбай тұлғасын тануға арналған баяндамалары тыңдалып, Құнанбай Өскенбайұлының қайраткерлік қызметі, Абай шығармашылығына әсері, әке мен бала қатынасы сияқты маңызды мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Абай, Шәкәрім заманын бейнелейтін театрландырылған шағын көрініс және университет музейінің көне жәдігерлер көрмесі, шығыстанушы ғалым, профессор Ислам Жеменейдің «Абай мектебі және шығыс тарихы мен әдебиетіндегі сана-сезім жетекшілері» кітабының тұсаукесері өтті.

 

 

  alt=  

 

  alt=  

  alt=