қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.06.2024

Абай атындағы ҚазҰПУ THE Impact 2024 жаһандық рейтингінде


2024 жылдың 12 маусымында университеттердің БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына сәйкестігін бағалайтын THE Impact Rankings 2024 рейтингінің нәтижелері жарияланды.

 

Рейтингке 125 елден/аймақтан 2152 университет қатысты. Мәліметтер бойынша университеттерін бағалауға ең көп ұсынған мемлеркеттер: Үндістан - 96, одан кейін Түркия - 91 және Пәкістан - 89. Рейтингте үздік 5-тікті Батыс Сидней университеті (Австралия), Манчестер университеті (Ұлыбритания), Тасмания университеті (Австралия) бастап, қалған 2 орынды Аалборг университеті (Дания) мен Мельбурн корольдік технологиялық университеті (Австралия) бөлісті.

 

Жоғары білімнің қазақстандық сегменті 26 ЖОО негізінде ұсынылды. Абай атындағы ҚазҰПУ жаһандық рейтингте 1001-1500 позициясын иеленді, бұл ҚР бойынша 4 орынға сәйкес келеді, көшбасшылықты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 401-600 нәтижесімен бастаса, екінші және үшінші орындар 801-1000 диапазонында орналасқан ALMAU және Қарағанды медицина университеттеріне тиесілі.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ТДМ бойынша келесі үздік нәтижелерге қол жеткізді:

· 5 - «Гендерлік теңдік».

· 12 - «Жауапты тұтыну мен өндіру».

· 16 - «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар».

· 17 - «Тұрақты даму үшін серіктестік».

 

Рейтинг бойынша толық ақпарат https://www.timeshighereducation.com/impactrankings .

 

  alt=

Стратегия департаменті