қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.06.2024

«Ғылым жолы» тақырыбындағы семинар   

 

2024 жылдың 10 маусымында Жаратылыстану және география факультетінің «6В05101-Биология» білім беру бағдарламасының 3-ші курс білім алушылары өндірістік іс-тәжірибе аясында «Ғылым жолы» тақырыбында семинар өткізді. Өндірістік іс-тәжірибе Алматы қаласындағы Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты мен Ботаника және фитоинтродукция институты базасында өтті.

 

Білім алушылар Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасының меңгерушісі, профессор Бақдаулет Үсенбековтің нұсқаулықтары бойынша жинақтаған ақпараттары негізінде сауалнама мен сұрақ-жауаптар дайындап тиянақтады. Ботаника және фитоинтродукция институтында іс-тәжірибеден өткен білім алушылар «Тұқым банкі», «Микология және алгология» зертханасының ғылыми қызметкерлері Айгерім Елубаева мен Мадина Измайловадан алған қосымша білімдерін ортаға салып, көптеген жаңа ақпараттармен таныстырды.

 

Семинарға қатысқан Гүлжанат Камиева, Гаухар Абдикаримова, Гүлнар Ташенова семинардың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, студенттерге болашақта жақсы маман болуларына тілек білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=