қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.06.2024

Жоғары оқу орындарының комплаенс-офицерлеріне арналған семинар

 

2024 жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің ұйымдастыруымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің өкілдеріне арналған «Адал азамат - Әділетті Қазақстан» тақырыбында республикалық семинар өтті. Іс-шараға жоғары оқу орындарының комплаенс-офицерлері, әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректорлар және Астана қаласы жоғары оқу орындарының жастар саясаты департаменттерінің басшылары қатысты. Аталмыш іс-шараға сондай-ақ Абай университеті комплаенс-қызметінің өкілі Ж.А. Жанбаева қатысты.

 

Семинарда ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Жігер Байділдин және Астана қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің превенция басқармасының басшысы Уәлихан Құрамаев сөз сөйледі.

 

Семинар барысында жоғары оқу орындарының комплаенс-офицерлерінің жұмысына қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Қатысушылар өз ұсыныстарын білдіріп, сұрақтар қойды. Семинар қатысушылар арасында тәжірибе және білім алмасуға ықпал етті.


Іс-шара соңында Ақерке Абылайхан қатысушыларға сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті.

 

  alt=  

 

  alt=