Негізгі бет
Жаңалықтар
11.06.2024 Инклюзивті білім беру: инновациялық тәсілдері мен сын-қатерлері Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Инклюзивті білім беру: инновациялық тәсілдер мен сын-қатерлер» тақырыбында «Арнайы педагогика» және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің көшпелі бірлескен отырысы өтті. Жиынға Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрлігінен, сондай-ақ еліміздің 35 жоғары оқу орнынан арнайы өкілдер қатысты.
Бүгінде 14 жоғары оқу орны инклюзивтік салада мамандар дайындайды, бірақ сарапшылар бұл бағыттағы білім беру бағдарламаларын толығымен жаңартуды ұсынды. Мәселен, университет түлектерінің жоғары оқу орындарынан медицина және психология саласында білім алып шығуы туралы ұсыныс айтылды.
«Аманжолов университеті алғашқылардың бірі болып «Эргопедагогика» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлап бастады. Студенттерге «Ерте жастан қолдау педагогикасы» білім беру бағдарламасы да қолжетімді болып тұр. «Бүгінгі кездесу жаңа міндеттерді анықтауға және оларды іс жүзінде жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік болды», - деді ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Джарасова.
Отырыс соңында жоғары оқу орындарында реабилитология факультетін ашу және «Реабилитолог», «Кинезитерапевт», «Эрготерапевт» мамандықтары бойынша дәрігерлер даярлауға қосымша гранттар бөлу туралы мәселені пысықтау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ балаларды оңалту саласындағы бағдарламаларды қоса отырып, «Арнайы педагогика мамандарын даярлау» бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеу мәселесі талқыланды. «6В019 Арнайы педагогика» бағыты аясында есту, көру, сөйлеу, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген және аутизмі бар балаларды оқытатын мамандарды даярлау және қайта даярлау мәселесі туралы да маңызды ұсыныс болды.
|