қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.06.2024

Университеттер арасындағы ынтымақтастық: мемлекеттік емтихандар


Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің шақыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының профессоры м.а. Лаура Какимова 2024 жылғы маусымның 4 мен 8 аралығында «6В01403-Музыка мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша бітірушілердің мемлекеттік қорытынды аттестаттау комиссия жұмысының төрайымы ретінде қатысты.


Түлектер дипломдық жұмыстарын қорғауда музыкалық білім беру педагогикасы саласында алған білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын көрсетті. Бітіру біліктілік жұмыстарының тақырыптары әртүрлі болды; олар мектепте музыканы оқыту әдістемесіне, жас ұрпақты тәрбиелеудегі қазақ музыкалық өнерінің дәстүрлі жанрларын ашуға, мектептегі музыка сабақтарында жұмыс істеудің инновациялық әдістемелері мен тәсілдерінің рөліне қатысты болды. Кейбір жұмыстарды комиссия мүшелері арнайы атап, талапкерлерге магистратураға түсуге ұсыныс білдірді.


Жалпы, еліміздегі тұңғыш педагогикалық университет - Абай университеті және Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастықта кәсіби білім берудің жақсы мазмұны бар екенін атап өткен жөн, екі университет болашақта бірлескен халықаралық және республикалық коференциялар, семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізуді жоспарлап отыр.

 

  alt=  

 

  alt=