қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.06.2024

3-ші курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибесінің есебі


2024 жылдың 8 маусымында Жаратылыстану және география факультетінің «6В05101-Биология» білім беру бағдарламасының 3-ші курс студенттері өндірістік іс-тәжірибе бойынша есеп берді.

 

Студенттер іс-тәжірибе барысында заманауи құрылғылармен жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті, білім, біліктілік дағдыларды қажет ететініне көз жеткізді. Олар ғылыми зерттеулерге қатысудың өте қызықты болғанын және көптеген ғылыми жаңалықтармен танысқаннан кейін ғылымға деген қызығушылықтары артқанын атап өтті.


Студенттер заманауи зертханаларда іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік берген университеттің басшылығына алғыстарын білдірді.

 

Іс-тәжірибе жетекшілері Гаухар Абдикаримова, Гүлнар Ташенова, практикаға жауапты Гүлжанат Камиева студенттердің есептерін қабылдап алды.

 

  alt=  

 

  alt=