қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.06.2024

Абай университетінде Startup жобалар байқауының DEMO DAY іс-шарасы өтті


2024 жылдың 3 маусымында Ғылым департаментінің ұйымдастыруымен Абай университеті студенттері арасында «Жас кәсіпкер Abai University 2024» Startup жобалар конкурсының DEMO DAY іс-шарасы өтті. Конкурс бірнеше кезеңнен тұрды: өтінімдерді қабылдау, техникалық сараптама, офлайн және онлайн сабақтар өткізу, жеке консультациялар және іріктеу туры. Финалға 12 команда өтті.


Демо күнінде финалистер өздерінің стартаптарын бизнес пен университеттің басқарма өкілдерінен тұратын қазылар алқасына ұсынды. Залда шығармашылық, жаңашылдық пен ынта атмосферасы орнады.


Бірінші орын мен 1 млн теңге көлеміндегі жүлдені «Magic Pillow» жобасымен «Ecolife» командасы иеленді. Студенттер қарақұмық қабығынан жасалған жастықтар шығаруда.


Алғашқы 500 мыңды «zerTTe» командасы еліміздің балабақшаларында работотехника сыныптарын ұйымдастыру жобасымен жеңіп алды.


Екінші 500 мың теңге азық-түлік қалдықтарынан табиғи тыңайтқыштар жасауға бағытталған «Биогумус» командасына бұйырды.


300 мың теңгелік жүлденің иегерлері 3 команда болды:


«LingvLit» командасы - «Интерактивті диктант» мобильді қосымшасы және «Сауатты болу-сәнді!» ұранымен;
«UlanKUS» командасы - ауылшаруашылық құстарын үйде жұмыртқадан жасанды түрде шығаруға арналған инкубатормен;
«EnergyUp» командасы - Студенттер мен оқытушыларға арналған университет қабырғаларында зарядтағыштарды орналастыру жобасымен алды.


Конкурстың барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=