қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.06.2024

«Жас өркен» шығармашылық байқауының үздіктері марапатталды


2024 жылдың 1 маусымында Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қызметкерлер Кәсіподақ ұйымының қолдауымен «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай университет қызметкерлері мен оқытушыларының балаларына арналған Абай өлеңдерін жатқа оқу мен әндерін айтудан «Жас өркен» шығармашылық конкурсы өтті.


Қазақ және әлем әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлының шығармаларын өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, кеңінен насихаттау, баланың дүниетанымын кеңейту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған конкурсқа 56 шығармашылық жұмыстары келіп түсті. Конкурс ережесіне сәйкес, университет қызметкерлері мен оқытушыларының мектеп жасына дейінгі (3-5 жас) және 1-4 бастауыш сыныптар аралығындағы (6-10 жас) балалары қатысты.


Көркемдік мәнерде оқыған шығармашылық бейне жұмыстарға арнайы тағайындалған әділқазылар құрамы: Әлеуметтік даму жөніндегі проректор - Мақсат Жақауов, Кәсіподақ ұйымының төрағасы - Мұхтар Ибраимов, «Хəкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығының жетекшісі - Жабал Шойынбет, «Абай университеті» газетінің бас редакторы - Болат Шарахымбай, Филология факультеті директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары - Алмас Найманбаев, Мансап орталығының жетекшісі - Рақымберді Жетібай төрелік етті. Нәтижесінде 18 қатысушының шығармашылық жұмыстары үздік деп танылып, жүлделі орындар мен арнайы номинация иегерлері атанды.


Байқау нәтижесінде «Көңілім әнді ұғады» аталымы бойынша I орынды «Желсіз түнде жарық ай» әнімен Айкүміс Берік иеленді. Анасы Сорбонна-Қазақстан институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары - Толқын Жабелова. Ал II орын иегері «Көзімнің қарасы» әнімен Айжұлдыз Жамбыл атанды. Анасы Педагогика және психология факультеті, бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы - Аққалам Жекеева.


Мектеп жасына дейінгі (3-5 жас) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымы бойынша:


I орынды «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңімен Нұрмаханбет Айкөркем иеленді. Әкесі Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық факультеті, дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы - Ерік Тугелбаев.
II орын иегері «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңімен Айжұлдыз Сулейман атанды. Анасы Жаратылыстану және география факультеті, биология кафедрасының меңгерушісі - Асия Майматаева.
III орынды «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңімен Әлихан Тоқтар алды. Әкесі География және экология кафедрасының меңгерушісі - Думан Алиаскаров.


«Абай үміті» номинациясымен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін айтқан Аиша Ерсұлтан марапатталды. Әкесі Математика, физика және информатика факультеті, математика және компьютерлік модельдеу кафедрасының доценті - Серік Айтжанов және анасы Математика, физика және информатика институты, информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының аға оқытушысы - Перизат Сейсенбекова.


«Абай аманаты» номинациясымен «Балалық өлді, білдің бе?» өлеңін айтқан Расул Мұсират марапатталды. Әкесі Математика, физика және информатика факультеті, информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының аға оқытушысы - Ерзат Мұсират.


«Абай әлемі» номинациясымен «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін айтқан Айсұлтан Нұрмаханбет марапатталды. Әкесі Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық факультеті, дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы - Ерік Тугелбаев.


Сондай-ақ, арнайы Алғыс хатпен Ілияс Ерсултан, әкесі Математика, физика және информатика факультеті, математика және компьютерлік модельдеу кафедрасының доценті - Серік Айтжанов пен анасы Математика, физика және информатика факультеті, информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының аға оқытушысы - Сейсенбекова Перизат, Дінмұхамед Манарбек, әкесі Бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы - Әділбек Байғалиев марапатталды.


1-4 бастауыш сыныптар аралығындағы (6-10 жас) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымы бойынша:


I орынды «Сенбе жұртқа, тұрсада қанша мақтап» өлеңімен Айнара Нұрмаханбет иеленді. Әкесі Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық факультеті, дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы - Ерік Тугелбаев.


II орын иегері «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңімен Ажар Какен атанды. Анасы Математика, физика және информатика факультеті, физика кафедрасының аға оқытушысы - Сандуғаш Кемелжанова.


III орынды «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен Ақниет Ерболат алды. Атасы Математика, физика және информатика факультетінің профессоры - Ерболат Кенжехан.


«Абай үміті» номинациясымен «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін айтқан Ален Өздемір марапатталды. Атасы Математика, физика және информатика факультеті, физика ғылымының докторы, профессор - Досан Баймолда.


«Абай аманаты» номинациясымен «Күз» өлеңін оқыған Диана Болат марапатталды. Анасы Математика, физика және информатика факультеті, Математика жане математикалык модельдеу кафедрасының аға оқытушысы - Динара Диханбаева.


«Абай әлемі» номинациясымен «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін айтқан Аруна Үкі марапатталды. Әкесі Филология факультеті директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары - Арман Абдықалықов.


Сондай-ақ, арнайы Алғыс хатпен Раян Балтабай, Анасы Математика, физика және информатика факультеті, математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы - Акмарал Дуйсебаева және Айдария Ұзақбай, әкесі «Жас зерттеушілер кеңесінің» төрағасы - Шахислам Лайсханов марапатталды.


Байқау қатысушылары мен жүлделі орын иегерлеріне Басқарма Төрағасы - Ректордың Алғыс хаттары, дипломдары және арнайы бағалы сыйлық жүлде қорлары табысталды. Шара соңында Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қызметкерлерінің Кәсіподақ ұйымына байқауға көрсеткен қолдауы мен демеушілігі үшін алғыс білдірді.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент