қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
31.05.2024

«Білімнің жұлдызы» I Республикалық студенттер форумы

 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне «Dauletten қайырылымдық қоры» жеке қорынан студенттерге шәкіртақы тағайындау туралы хат келіп түскен болатын.


Аталған қор білімге ұмтылған жастарды қолдау мақсатында 2020 жылдан бері 200 студентке «Білімнің жұлдызы» шәкіртақысын тағайындап келеді.


Шәкіртақы білім алушылардың әлеуметтік жағдайына, білімде және қоғамдық жұмыстарда жеткен жетістіктеріне байланысты оқу, қоғамдық іс-әрекеттерін, инновациялық жобаларын ынталандыруға бағытталған.


Аталған жобаға Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультетінің «6B01610-Тарих-қоғамтану» мамандығының 1 курс студенті Сымбат Назарова, «6B04202-Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті Фатима Бекболат, «6B01606-Тарих-география» мамандығының 3 курс студенті Ақсауле Айтешова қатысып, «Білімнің жұлдызы» шәкіртақысы иегерлері атанды. 2024 жылдың 30 мамырында Астанада «Dauletten» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Білімнің жұлдызы» I Республикалық студенттер форумы өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дәулет Мұқаев, Гүлдара Нұрымова, Гауһар Танашева, Таңсауле Серіков, Нұргүл Тау, Айна Мысырәлімова, Нартай Сәрсенғалиев және қоғам белсенділері қатысты.


Бір реттік шәкіртақыға ие болған студенттерді құттықтаймыз!

 

  alt=