қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
31.05.2024

«PhD Insight: Назарбаев Университетінің академиялық тәжірибесімен алмасу» семинары


2024 жылдың 22-24 мамыры аралығында ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Назарбаев университетінде докторантура бағдарламаларын дамыту мақсатында Назарбаев Университетінің академиялық тәжірибесімен алмасу бойынша семинар ұйымдастырды. Аталған семинарға 14 жоғары және жоғары оку орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор - оқытушылар құрамы мен құрылымдық бөлімшелер басшылығы, оның ішінде Абай университетінен ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасының басшысы Г.Баймбетова және Физика, математика және информатика факультеті деканының ғылыми істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Ж.Нурмухамедова қатысты.


НУ-дың дипломнан кейінгі бағдарламалар жөніндегі қауымдастырылған провосты, доктор Луис Рохас-Солорзано, жоғары білім мектебінің доценті Д.Шаматов, институционалдық тиімділік кеңсесінің бас директоры Д.Престли PhD бағдарламалары үшін оқу жоспарларын әзірлеудің қағидаттарына, PhD бағдарламаларына арналған курстардың дизайнына пәнаралық элементтерді қосуға, курстардың зерттеу мақсаттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге, біліктілік емтихандарына тоқталды. НУ-дың ғылым жөніндегі декан орынбасарлары Р.Пелиццо, П.Пурафшари, Ш.Мемон және басқа да ғалымдар диссертациялық зерттеулердің негіздемерін дайындауға қойылатын талаптарға шолу жасап, жариялауларға қолайлы журналдарды анықтау, диссертацияны дайындау кезеңіндегі мәселелерге тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.


Семинар соңында берілген практикалық тапсырмаларды орындаған қатысушыларға ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің төрағасы Ә.Тойбаев пен НУ бағдарламаларының қауымдастырылған провосты Луис Рохас-Солорзано сертификаттарды салтанатты түрде табыстады.


2024 жылдың 29 мамырында Г.Баймбетова мен Ж.Нурмухамедова Диссертациялық кеңестің ғалым хатшылары мен ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі факультет декандарының орынбасарларымен Назарбаев Университетінен алған тәжірибелерімен бөлісу мақсатында семинар өткізді.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=