қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.05.2024

Педагогикалық емес мамандықтардың өндірістік іс-тәжірибе қорытынды конференциясы


Филология факультетінің оқу жоспарына сәйкес, шығыс филологиясы және аударма кафедрасы «6В02302-Аударма ісі» «6В02313-Шетел филологиясы: Шығыс (араб,қытай,түрік) тілі», «6В01714-Ұйғыр тілі мен әдебиеті- орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттері 16.01.2024-27.04.2024 жж. аралығында, іс-тәжірибеден өту үшін Алматы және Атырау қаласындағы бірқатар мекемелеріне жіберілді. Осы мамандықтар бойынша іс-тәжірибе қорытынды конференциясы оффлайн форматта 2024 жылы 29 сәуірде өтті.


Іс-тәжірибе қорытынды конференциясына кафедра меңгерушісі Н.Н.Конкабаева, кафедра бойынша іс-тәжірибеге жауапты аға оқытушы А.Н.Раева, әдіскер-оқытушылар - аға оқытушы Р.К.Оразова, Ш.Б.Баратова, А.З.Мухитов және іс-тәжірибеге баратын студенттер қатысты. Конференция барысында әр топ жеке-жеке презентациямен келіп, іс-тәжірибе өту барысы, өткізіліген іс-шаралар бойынша есеп берді.

 

  alt=