қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.05.2024

Жеңістің 79 жылдығына арналған «Бақыт гүлін терген күн» мерекелік іс-шарасы өтті

 

2024 жылдың 6 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен Жеңістің 79 жылдығына арналған «Бақыт гүлін терген күн» мерекелік іс-шарасы өтті.

 

Шара аясында Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп өшпес даңқ пен қайсарлықтың, Отанға деген сүйіспеншілік пен жанқиярлық ерліктің үлгісіне айналған ұлық мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мерекелік іс-шара барысында жиналған қауым Жеңіс аллеясында майданда қаза болған жауынгерлерге тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

 

Сонымен қатар, шара қонақтары университет асханасында арнайы дайындалған дастархан мәзірінен дәм татты. Университет тарапынан соғыс ардагерлеріне сыйлықтар табысталды.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент