қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.04.2024

«Аяла» эко-клубының акциясы-қолданыста!


2024 жылдың 27 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ «Аяла» эко-клубының белсенділері 1, 3, 5, 6 қабаттарда қойылған қалдықтарды сұрыптау жәшіктеріндегі 2 күнде жиналған қалдықтарды қайта сұрыптап, пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларын арнайы Байзакова, 73/1 көшесінде орналасқан «Ecosen» экостанциясына өткізді.

 

Жиналған қалдықтардың жалпы мөлшері 9,5 кг болды. Оның 2 кг - алюминий банкалары болса, 7кг - пластикалық бөтелкелер ретінде өлшенді. «Ecosen» қосымшасында Абай университеті «Бей-жай қарамайтын» атауын иеленіп, рейтинг бойынша 210 орынға жайғасты.

 

Біз - таза болашақ құрудағы бірінші және маңызды қадамды жасаймыз!

 

  alt=  

  alt=