
  
Негізгі бет /
Хабарландыру
15.02.2021 Құрметті түлек! Абай атындағы ҚазҰПУ-ға асығыңыз! 
 Сізді, еліміздегі ең үздік және ең алғашқы жоғарғы оқу орындарының бірі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» білім беру бағдарламасы үш сатылы «бакалавриат-магистратура-докторантура PhD» мамандар даярлаудың заманауи жүйесі бойынша, «6В03105-Психология: Практикалық психологтарды даярлау» жоғары кәсіби психолог-бакалаврларын, «7М031-Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік білімдер магистрларын және «8D031-Психология» PhD докторларын даярлайды. Оқыту көптілді, яғни, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады. Бұл айтарлықтай Сіздің бәсекеге қабілеттілігіңізді арттыруға мүмкіндік жасайды! 
 Оқу мерзімі: бакалавр - 4 жыл (қашықтан оқыту 3 жыл, 2 жыл), магистратура - 2 жыл, докторантура -3 жыл 
 Оқуға ҰБТ, әңгімелесу (қашықтан оқыту бөліміне) нәтижесі негізінде қабылданады. 
 Кафедрада білікті жетекші мамандар жұмыс жасайды, оның ішінде: 5 - психология ғылымдарының докторы, 8 - психология ғылымдарының кандидаты, доцент және тәжірибелі магистр- аға оқытушылар. Психология мамандығы бойынша оқу: - Студенттер мен магистранттар кәсіби тәжірибелерден өту мүмкіндіктерімен қамтамасыз етіледі: - білім орындарының барлық түрлерінде; 
 - психодиагностикалық зерттеулерді жүргізуге; - психологиялық тренингтер, психологиялық кеңес беру және психопрофилактикалық  жұмыстарды жүргізу; 
 Докторантурада білім алушылар шетелдік ғылыми жетекшімен қамтамасыз етіледі, бұл ғылыми жұмысты әлемдік стандарттар деңгейінде жүзеге асыру мүмкіндіктерді кеңейтеді, сонымен қатар ғылыми жұмыста психологиялық ғылымдар саласында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді. 
 Психолог - Қазіргі және Болашақтың заманауи мамандығы 
 Уақытты: 25 ақпан 2021 жыл, 15:00 PM Алматы 
 Конференцияға кіру сілтемесі: https://zoom.us/j/91449598599?pwd=aEVoZWp2SmVESkVuOEVuY0tXWnk1Zz09 
 Конференция идентефекаторы: 914 4959 8599 Кіру коды: 881394 
 
 
  |