қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.04.2024

4-ші курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы


2024 жылдың 27 сәуірінде Жаратылыстану және география институтының 4 курс «6В05101-Биология», «6В05109-Биотехнология» білім бағдарламалары студенттерінің өндірістік іс-тәжірибесінің қорытынды  конференциясы өтті.

 

Конференцияға биология кафедрасының меңгерушісі Асия Майматаева, іс-тәжірибе жетекшілері Гүлнар Ташенова, Шолпан Шыныбекова, Комус Батырова, Гүлжанат Қамиева және студенттер қатысты.

 

Студенттер теориялық білімдерін іс-тәжірибеде жүзеге асыру олардың бойларында кәсіби  дағдыларын қалыптастырғанын атап өтті. Жинақтаған тәжірибелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзіндік ерекшеліктері туралы ынта-жігермен айтып берді.

 

Конференция соңында студенттер іс-тәжірибе нысандарына жолдама беріп, заманауи зертханаларда жұмыс жасауға мүмкіндік берген университеттің басшылығына алғысын білдірді.

 

  alt=  

  alt=