қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.04.2024

«Химия көктемі-2024» мерекелік кеші    


2024 жылдың 15 сәуірінде Ғылым декадасы аясында Жаратылыстану және география институтында «Химия» мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Химия көктемі-2024» кеші өтті.  Шара көктем вальсімен басталып, ән-би әсемденіп, 16 элемент мюзиклі, сахналандырылған көріністер мен қызықты химиялық тәжірибелер қойылды. Сонымен қатар 1 курс магистранттары «Жасыл химия» денсаулыққа пайдалы смузиларын жасап көрсетті. Студенттер мен химия кафедрасының оқытушылары қатысқан шара жыл сайын жалғасып, білім алушылардың шығармашылық қабілеттері арта берсін.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=