қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.04.2024

Профессор С. Д. Әбішеваның ашық дәрісі

 

Ғылым декадасы - 2024 аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі С. Д. Әбішева «6в01702-Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне «Лирика әдебиет түрі ретінде» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Күрделі теориялық материалдың түсіндірмесі биыл 225 жасқа толған ұлы орыс ақыны А.С. Пушкиннің шығармашылығына негізделген. Студенттермен интерактивті әңгімелесу, өлеңдердің мағынасын талқылау теориялық ақпарат пен оған мысалдар берудің жоғары деңгейін көрсетті. Дәріс тақырыбындағы бейнероликті көру А. С. Пушкиннің поэзия әлеміне енудің жылы атмосферасын тудырды. Лектор лирикалық шығарманы талдау кезінде өмірбаяндық аспектіні ескеру қажеттілігіне назар аударды. Дәріске қатысқан кафедра оқытушылары профессордың академиялық, кәсіби және педагогикалық шеберліктерін көрсеткенін, ал студенттер дәріс барысында түсіністік пен қызығушылық танытқанын атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=