қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.04.2024

Ғылым декадасы - 2024: «Көркем аударма саласындағы аударма мәселесі» шеберлік сыныбы


2024 жылдың 5 сәуірінде  Ғылым декадасы - 2024 аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты  шығыс филологиясы жəне аударма кафедрасының аға оқытушысы Н.Р.Шенгелбаеваның ұйымдастыруымен  SDU доценті, аудармашы Б.Салықовамен   «Көркем аударма саласындағы аударма мәселесі» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.  Шеберлік сағатына кафедра меңгерушісі Н.Н.Конкабаева, оқытушылар Г.Сәтбай, А.Мухитов, сондай-ақ «6В02302» - Аударма ісі мамандығының студенттері қатысты.

 

Кездесу барысында Б. Салықова ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударудың негізгі мәселелеріне, сондай-ақ аударма кезінде ұлттық нақышты сақтау әдістеріне тоқталды. Сонымен қатар, туыстас емес екі тілдегі фразеологизмдерді берудегі аудармашылық шеберлік туралы әңгімелеп берді. Кездесу аясында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тәжірибелі аудармашы жарық көрген көркем әдеби кітапттарымен таныстырды. 

 

Сабақ  соңында шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Конкабаева аудармашы Б.Салықоваға  ризашылығын білдіріп,  университет атынан берілген  Алғыс хатпен марапаттады.

 

  alt=