қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.04.2024

Абай университетіне Пуатье университетінен арнайы делегация келді

 

2024 жылдың 4 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Пуатье университетінің (Франция) делегациясы ресми сапармен келді.

 

Абай университетінің проректорлары Бану Нарбекова мен Айгүл Искакова шетелдік әріптес-университет өкілдерімен кездесу барысында екі ЖОО арасындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын талқылады. Тараптар «Француз тілі мұғалімі» жаңа қос дипломдық білім беру бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісімге келді. Сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ жанынан Француз тілінің дидактикалық орталығын ашу ниеті де айтылды.

 

Француз делегациясының іссапары барысында Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының алаңында екі халықаралық дөңгелек үстел өтті: «Францияның ювеналды әділет тәжірибесі» және «Инклюзивті университет: Қазақстан мен Францияның тәжірибесі». Өткен кездесулер әділет және инклюзивті білім беру саласындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті дамытуға ықпал ете отырып, қазақстандық және француз мамандары арасында тәжірибе алмасу мен ғылыми диалогқа мүмкіндік берді.

 

Пуатье университеті Францияның жетекші университеттерінің бірі болып табылады. Делегация өкілдері серіктестік байланыстарды нығайту және қазақстандық тараппен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында келді. Бұл сапар халықаралық білім мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, екі беделді оқу орнының байланысын нығайтып, ғылым мен білім саласының жан-жақты дамуына септігін тигізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

 

Қоғаммен байланыс департаменті