қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
18.01.2021

«Талапкер-2021» ашық есік күні

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты онлайн режимде «Талапкер-2021» ашық есік күнін өткізеді. Ашық есік күні Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледж түлектерінің қатысуымен өткізіледі.


Іс-шараның мақсаты - Абай атындағы ҚазҰПУ және оның білім беру бағдарламаларын кеңінен насихаттау, педагогикалық жұмыстың беделін көтеру, оқуға түсуге ниет білдірушілер үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.


Бұл күні Педагогика және психология институтының білім беру бағдарламалары ұсынылады, барлық қатысушылар институт басшыларымен, кафедра оқытушыларымен, университетпен танысу мүмкіндігіне ие болады.


Институт оқытушылары мен қызметкерлері сіздерді қызықтырған барлық сауалдарыңызға жауап береді, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтындағы оқудың артықшылықтары туралы әңгімелейді.


Педагогика және психология институтының маркетинг бөлімі сіздерді жоспарланған Zoom конференциясына шақырады.


Уақытты: 20.01.2021ж., сағ 15:00 PM Алматы

 

Конференцияға қосылу: https://zoom.us/j/5564294560?pwd=QlhpUTNpSldBVTd4Y09Qc1E3UGNQdz09


Конференция идентификаторы: 556 429 4560

 

Коды: 116110


Қосымша сұрақтар бойынша: Тел:+7 775 3537583, +77003537583