
  
Негізгі бет 
Жаңалықтар
16.02.2024 «6В01703-Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша пәндік олимпиада 
 
 
 Олимпиаданың ІІ кезеңінде студенттерге кәсіби мамандықтары бойынша, методикаға негізделген, ауызша тапсырмалар берілді. Нәтижесінде 5 студент жүлделі орындарды иеленді. 
 Студенттеріміз сабақтан тыс тәжірибе мен керемет эмоция алды. Олимпиаданың өтуіне ықпал еткен Серік Иватовқа, ұйымдастыруға жетекшілік еткен Дана Шаяхметоваға және Олимпиаданың әділ өтуіне атсалысқан комиссия мүшелері - Гулдана Сейдалиеваға, Зада Кемелбековаға және Сауле Дауренбекке алғысымызды білдіреміз! Ұйымдастырушылар: Әсем Муслимова, Нұргүл Тұрысбекова. 
 Комиссия шешімімен 1 орынды Әлнұр Бақзор, 2 орынды Абдуманап Ақжан мен Төрекелді Айхан, 3 орынды Өскенова Айсана мен Орынбасар Аружан иеленді. Студенттеріміз республикалық олимпиададан жүлдемен оралады деп үміттенеміз! 
 
  |