қазақша · русский · english
 
 
 
03.12.2025

2025 жылдың 3 желтоқсанында Abai University Тарих және құқық факультетінің Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының оқытушылары Нұрлан Орынбеков пен Бақытжан Сапаров Алматы қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының ағымдағы жылдың жұмысының қорытындысына арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Жиын барысында бір жыл көлемінде атқарылған жұмыстар сараланып, өзара ақпарат алмасу жүргізілді, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жаңа жоспарлар мен бағыттар айқындалды.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының оқытушылары Алматы қаласы Дін басқармасының басшысы Н. Қиқымовтың атынан Алғыс хатпен марапатталды.


  alt=

  alt=

  alt=




Кері оралу