қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.12.2023

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «Жас педагог мектебі» фестивалі өтті


Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында профессор Г.А.Қажығалиеваның жетекшілігімен «Жас педагог мектебі» фестивалі өтті. Кешенді іс-шараның басым бағыты кафедраның жас оқытушылары Ф.Багымбаева, А.Байбол, Ж.Қасымова, аға оқытушылар А.Нұрбаева, Ж.Саметова және А.Омарованың шығармашылық есебі болды.

 

Іс-шара аясында 3 курс студенттері баяндамалардың жоғары ғылыми деңгейін көрсете отырып, өзекті әдістемелік тақырыптарға арналған студенттік ғылыми жұмыстар байқауына қатысты. Кафедра меңгерушісі С. Д.Әбішева бастаған қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады, олар: А.Алимова, И.Асанова (1 орын), Б.Абдумуталипова, А.Жасуланкызы (2 орын), Г. Маулитканова және Л. Магзумова, А. Теңізбай (3 орын).

 

Жас педагог, аға оқытушы, докторантура түлегі А.Б.Омарованың жетекшілігімен «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенттері М.Булгаковтың «Шебер және Маргарита» романының үзіндісін сахналады. Жасампаздық пен позитивтілік энергетикасын динамикалық ән орындаған «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері Г.Маулитканова мен А.Садвакасова да қолдады. Кеш соңында жас педагогтар топтық рефлексия жасап, өздерінің педагогикалық ұстанымдары туралы айтып берді.

 

С.Д.Әбішева фестиваль ұйымдастырушыларына алғысын білдірді, жас педагогтардың шығармашылық есептерін, М.Булгаковтың романы бойынша сахналауды орындаған студенттердің және ғылыми баяндамалар жасаған студенттердің шығармашылығын атап өтті. Ол жас педагогтарға сертификаттар, фестиваль қатысушыларына, 3 және 4 курс студенттеріне алғыс хат, студенттік ғылыми жұмыстар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар табыс етті.

Фестивальға «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының 2, 3, 4 курс студенттері мен оқытушылары қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=