қазақша · русский · english
   
Талапкерлерге

 

Мамандықтар туралы мәлімет

 Қа­зір ГЭФ бакалавр жүйесіндегі 4 мамандық және 6 қосымша мамандандырулар бойынша жо­ғары білікті мамандар даяр­лауды жүзеге асыруда. Олар өз ке­зегінде нарықтық экономика жағдайында сұранысқа ие, әрі бәсекеге қабілетті.

«Білім» бағытындағы «5В011600 - География» мамандығында келесі: «География-экология» (ашылған жылы - 1988ж.), «География-туризм» (1992ж.), «География-экономика негіздері» (2003ж.) қосымша мамандандырулары бар. Ал «Жаратылыстану ғылымдары» топтамасындағы «5В060900 - География» мамандығы, оның оқу жоспарын педагогикаландыру арқылы «Жалпы білім беруші мектепте география және жаратылыстану пәндерін оқыту» (2003ж.) бейінінде мамандандырылған. Мұны бітірушілерге - білім бакалавры академиялық атағымен бірге, таңдаған қосымша білімдік бағдарламаларына сәйкес география мұғалімдігіне қоса, орта мектептегі «экология» пәні мен факультативінің оқытушысы,  «туризм және  өлкетану» жұмыстарын ұйымдастырушы, «экономика негіздері мен қаржылық сауаттылық» курстарының және «жаратылыстану» пәнінің мұғалімі біліктілігі беріледі. Сол сияқты «5В090200 - Туризм» мамандығы бойынша бакалаврлар даярлануда туристік пәндерді оқытуға (2006 ж.) бағдарланған. Ал ГЭФ-те алғаш болып 2000 жылы ашылған «5В060800 - Экология» мамандығы өз кезегінде «экология және табиғатты пайдалану» мамандандыруы бойынша қалыптасуы жалғасуда.

  • «5В011600 - География»
  • «5В060900 - География»
  • «5В090200 - Туризм»
  • «5В060800 - Экология»