қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.11.2023

Шетелдік жоғары оқу орнында жұмыс істейтін Абай атындағы ҚазҰПУ түлегі университетімізде дәріс оқиды

 

2023 жылдың 27 қарашасы мен 24 желтоқсаны аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасында шақырылған профессор - PhD доктор, Слупскідегі (Польша) Помор университетінің филология институтының доценті, жас ғалым, әдебиеттанушы Максим Пономаренко жұмыс істейді. Ол поляк университетінде докторлық диссертациясын қорғағаннан кейін шетелде тұрақты жұмыс істейтін «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының бакалавриат және магистратура түлегі болып табылады.

 

Шақырылған профессордың жұмыс бағдарламасында магистранттар мен докторанттарға дәріс оқу, кеңес беру қарастырылған.

 

Максим Пономаренко Польшада 2019 жылғы 23 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ мен Слупскідегі Помор университетінің көпжылдық жемісті ынтымақтастығы нәтижесінде құрылған Абай атындағы Қазақ мәдениеті және ғылым орталығының үйлестірушісі болып табылады. Поляк жоғары оқу орнының қабырғасында Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен әдебиетін, соның ішінде поляк ғылымында зерттелуіне арналған жыл сайынғы «Абай оқулары» халықаралық конференциясы өткізіліп тұрады.

 

  alt=  

 

  alt=